Елордадағы "Нұра" ауданының шекарасы межеленді

Сурет: Zakon.kz
Астана әкімдігі "Нұра" ауданының шекарасын белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа ауданның аумағы Есіл өзені бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағы және Қарқаралы тас жолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін созылады, деп мәлімдеді Астана әкімдігі.

Ауданның шекарасы 19 336 га жерді алып жатыр. Жаңа ауданға "Нұра" атауын беру туралы ұсыныс Астана қаласы ономастика комиссиясының отырысында, Астана қаласы мәслихатының қоғамдық тыңдауларында, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында және т.б. қаралып, қолдау тапты.

Аудан әкімі, аудан әкімдігі қызметкерлерінің штаттық саны, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа да ұйымдастыру жұмыстары қалалық мәслихаттың жаңа құрамы құрылғаннан кейін айқындалады. Яғни, қазіргі уақытта қалада төрт аудан бар, бесіншісі құрылып жатыр.Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды