Түркістан облысының су басқан аумақтарынан фото, видеолар тарады

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2023 жылғы 2 ақпан күні Түркістан облысының екі қаласы мен үш ауданында аулалар мен көшелерді су басты. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан жерден фотолар мен бейнежазбалар жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аула аумақтары мен көшелерді су басты.


"Тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу мақсатында, ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору және суды айдау жұмыстары жүріп жатыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ".Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі


Жұмысқа Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінен 63 қызметкер, 9 техника, 20 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 240 қызметкері, 40 техника, 5 мотопомпа тартылды.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды