Астана қаласының әкімі LRT қашан іске қосылатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Астанадағы LRT құрылысы бойынша жұмысты екі жыл ішінде аяқтау жоспарланған. Бұл жөнінде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының мәлімдеуінше, әкім қазір жұмылдыру жұмыстары жүріп жатқанын айтқан. Сондай-ақ LRT-де жүретін болашақ пойыздарға аванстық төлемдер жүргізілуде.

"2023-2024 жылдар аралығында жоба іске асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланды". Жеңіс Қасымбек

Ол жол үсті метрополитен құрылысының келесі кезеңі 2022 жылы басталғанын атап өтті.

"Алғашқы қаржыны үкімет былтыр берді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізіледі". Жеңіс Қасымбек

2023 жылдың 31 қаңтарында елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысы тоқтатылатын болса, шығын бұдан да көп болатынын айтты.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды