Air Astana компаниясы Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 6 ақпанында таңертең Түркияның орталық бөлігінде қатты жер сілкінісі болды. Осыған байланысты Air Astana әуе компаниясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық әуе компания қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, сондай-ақ табиғи апат кезінде зардап шеккендердің барлығына тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 


"Air Astana 2023 жылдың 6 ақпанына дейін Қазақстаннан Ыстамбұл мен Анталияға және кері рейстерге билет сатып алған жолаушыларға 15 наурызға дейінгі аталған өз рейстері бойынша бір реттік тегін қайта брондау қызметін немесе билеттің құнын толықтай қайтаруды ұсынады", делінген хабарламада.


6 ақпанда таңертең Түркияның орталық бөлігінде бірнеше жер сілкінісі болды. Содан кейін жер асты дүмпулері Адана, Анкара, Анталья, Газиантепе, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфта сынды әртүрлі аймақтарда жарты сағат бойында сезіліп отырды. Билік дабылдың ең жоғары деңгейін жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 1014-ке дейін жетті.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды