СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімінде қазақстандықтар жоқ

Сурет: Anadolu Agency
Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімінде қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 7 ақпанда өткен арнайы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

"Түркиядағы дипломаттар Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста. Әзірге тізімде зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Бұған қоса қирандылар көп болғандықтан, құтқару жұмысы жалғасып жатқанын ескерген жөн», – деді ол.

СІМ өлінің сөзінше, дипломаттар Түркияда жүрген қазақстандықтармен байланыста, студенттер қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандырылды.


Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды