Демалыс күндері елімізде қатты жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы демалыс күндері – 2023 жылғы 11-13 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, қатты жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидроме" РМК жариялаған мәлімет бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады, жел 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.

"11 ақпанда Түркістанда, 11-12 ақпанда Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан жоғары жел соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болжанды", – делінген хабарламада.

Синоптиктер температуралық фонда күрт өзгеріс болмайтынын, тек түнде шығыста -17-25 дейін, оңтүстік-шығыста -10-25 дейін аяз болады. Ал республиканың оңтүстігінде кезеңнің соңына қарай күндізгі ауа температурасы 5 градус аяздан +3+8 градусқа дейін көтеріледі.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды