Элина Михина жеңіл атлетикадан Азия чемпионы болды

Элина Михина. Cурет: instagram/drs_kz
Қазақстан Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Элина Михина әйелдер арасында 400 метрге жүгіруден чемпион атанды. Спортшы бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол да 400 метрге жүгірді. Ол мәреге жақындап қалғанда қатарлық жеңілатлет Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып кетті. 


Михаил Литвин. Сурет: instagram/drs_kz

Ал Ақбаян Нұрмәмет 1 500 метрді 1:06.04 секундта жүгіріп, қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының екінші күнінің қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды