Алматыда қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратура QI Trade Kazakhstan (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, қаржы пирамидасының бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Сонымен қатар өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.

"Азаматтар ақша табуды желеу етіп, AMAZON жаһандық платформасына (АҚШ) сенімгерлік басқару негізінде одан әрі пайыздық табыс алу үшін ақша салған. Инвесторларға "қанша салсаң да, жылына 96%-ға дейін пайда табасың" деп уәде етілген".Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Компания қызметі 1345 азаматқа 6 миллиард теңгеден астам шығын келтіргені айтылады. Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сонымен қатар компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.

"Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі тағайындалып, кінәлі деп танылды. (6 жылдан 7 жылға дейін).Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады. 



Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды