14 ақпан күні еліміздің баcым бөлігін тұман басады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауып, жаяу бұрқасын болажы, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанды.

"Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман болжанды"."Қазгидромет" РМК

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -10-12°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -7-9°С, күндіз +1+3°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1°С, күндіз +8+10°С болады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды