Ақмола облысында клиент елордалық банк бөлімшесін жарып жіберетінін айтып, хабарлама жіберген

Сурет: pixabay
13 ақпанда елорда маңындағы Ақкөл ауданының тұрғыны астаналық банктердің бірінің бөлімшелерінің электронды мекенжайына банкті жарып жібереміз деп қорқытқан хабарлама жолдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полицейлері ер адамды мұндай хабарлама жіберуге нақты не итермелегені тексеріліп жатқанын атап өтті.

Күдіктінің өзі осы банктің клиенті болған.

Полицейлер халыққа телефон лаңкестігі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертіп өтті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының санкциясы бойынша, жалған хабарлама авторы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бап бойынша жауапқа 14 жасқа толған барлық адам тартылады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды