Түркістан облысында өз бетінше он тілді меңгерген полиглот тұрады

Сурет: видеодан скриншот
Түркістан облысындағы ауылдардың бірінің тумасы әлемнің он тілін өз бетімен меңгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының мәліметінше, Мейірхан Топанбай тілдерді өз әдісімен: аудио оқулықтар мен Брайль қарпімен жазылған кітаптар арқылы үйренген.

29 жастағы Мейірхан – 1-топтағы мүгедек, көру қабілеті нашар. Бала күнінен өзге  халықтардың тілін меңгеріп, әдеби шығармаларын оқуға құмар болған.

Ол университетті кітапхана және аударма ісі мамандықтары бойынша үздік бітірген.

 Мейірхан Топанбайдың айтуынша, түрік, грек тілдерін бала кезінде үйренген. Сонан соң мектеп қабырғасында жүріп неміс және француз тілдерін жақсы меңгерген. Университетте парсы, тәжік тілдерін, кейін поляк және болгар, испан және итальян тілдерін үйренген. Қазір ағылшын тіліне ден қойған.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды