Еділ Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі жариялады.

Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

Білімі:

А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы "Құқық және экономика" колледжінің оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды