Қазақстаннан Түркияға тағы 100 киіз үй жөнелтіледі

Сурет: pixabay
Алматыдан Түркияға тағы 100 киіз үй жөнелтілетін болды. Бұл жөнінде Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан мен Қырғызстаннан жіберген алғашқы киіз үйлерде қазір Кахраманмараштағы зілзаладан зардап шеккендер тұрып жатыр.

"Бұған қоса біз Алматыдан 100-ге жуық киіз үй жөнелтуді ұйымдастырып жатырмыз. Бұл біздің елшілік арқылы өтетін киіз үйлер ғана. Басқа адамдар өз бетімен жіберетін киіз үйлер де болуы мүмкін". Уфук Экиджи

Түркияда 6 ақпан күні таңертең болған жер сілкінісі соңғы мәліметтер бойынша, 43,5 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Апат аймағынан 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Полицейлердің мәліметінше, 564 адам жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үй салу нормаларын бұзды деген күдікке ілінген. Күдіктілердің 160-ы қамауға алынды. Күдіктілердің кейбірі әлі іздеуде.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды