Қазақстан Германияға мұнай жөнелту процедурасына кірісіп кетті

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдау үшін қабылдай бастады. Бұл туралы Zakon-kz-ға "ҚазТрансОйл" АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов хабарлады.

Компания сайтында нақтыланып өткендей, ҚР Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, "ҚазТрансОйл" АҚ ақпан айында 20 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды "Дружба" мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізеді.

2022 жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Германия 2023 жылы "Дружба" мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды жөнелтуге өтінім бергені туралы 2022 жылғы 21 желтоқсанда белгілі болды.

2023 жылы 1 ақпанда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Германияға 20 мың тонна көлемінде мұнайдың бірінші партиясын қаңтар айының соңында жіберу жоспарланғанын, бірақ бұл бағытта техникалық қиындықтар туындағанын айтты. Ол мұнайды жеткізу ақпанның бірінші жартысында жүзеге асырылатынын хабарлаған болатын. 

Германия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды