БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшаққа қатысты тың мәлімет ұсынылды

Сурет: kaztransoil.kz
Оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алды. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазТрансОйл" АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша, тікұшақ бортында "ҚазТрансОйл" АҚ-тың 1 қызметкері және "Қазавиақұтқару" экипажының 4 мүшесі болған.

"Алдын ала келіп түскен ақпараттар бойынша, зардап шеккендер жоқ. 2021 жылы 28 желтоқсанда қол қойылған ұзақ мерзімді шартқа сәйкес, "Қазавиақұтқару" АҚ "ҚазТрансОйл" АҚ-ға авиациялық қызметтер көрсетеді", - деп атап өтті Ілиясов.

Ал ҚР ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болғанын нақтылайды.

Айта кетсек, алдында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда жерге қонғаны хабарланған болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды