Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті

Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
Ақмола облысында 25 ақпан күні жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша, Көкшетау-Жамантұз станциясында жүк пойызының машинисі теміржолда жылқы жүргендіктен, шұғыл тежеуді қолданған. Дегенмен апаттың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 32 жылқы мерт болды.

"Теміржолға шығып кеткен жылқыны қарамаған Көкшетау стансасына жақын маңдағы Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Басқа жылқылардың иелері жылқы кезекпен бағылатынын айтты". Ақмола облысының полиция департаменті


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды