"Неден ояндыңыздар?": Сайлау алдындағы пікірсайыста партиялар өткен сайлаудағы жағдайларды талқылады

Сурет: "Қазақстан" арнасы
Тікелей эфирде сайлауға қатысатын партиялар пікірсайысы жалғасып жатыр. «Ақ жол» партиясының өкілі ЖСДП партиясына "Өткен мәжіліс сайлауына қатысқан жоқсыздар, тыныштық болды. Енді неден ояндыңыздар?" деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ақ жол» партиясының төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаевқа "Неден ояндыңыздар?" деп сұрақ қойды.

"Шынында 2019 жылы президент сайлауына қатыса алмадық. Себебі белгілі бір шектеулер бар. 2021 жылы мәжіліс сайлауы болған кезде бізде әділ, нақты сайлау болған емес қой. Әділ сайлау болмайтындықтан біз бойкот жарияладық. Себебі сол жылы "Ескі Қазақстанның" жағдайы қатыспауға мүмкіндік берді. Біздің партиямыздың құрамына экстремистік партия деп аталатын ұйымның өкілдерін тығып, бізге провокация жасауға тырысты. Соның бәрін көре тұра, спектакльге қатыспауды ұйғардық. Бәз шын мәнінде бойкот жарияладық", - деп жауап берді Нұрлан Әуесбаев.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды