Назарбаев кеңсесінің 2023 жылғы бюджеті 130 млн теңгеге қысқарады

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Сенат отырысынан тыс дәлізде журналистер сауалына жауап берген Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Тұңғыш Президент кеңсесінің бюджеті 2023 жылы 130 млн-ға қысқаратынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәурен Темірбеков Тұңғыш Президент кеңсесіне жұмсалатын ақшаның қаншасы қысқаратынын және қаншасы қалатынын айтты.

"Бюджетті нақтылау барысында біз ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесіне жұмсалатын ақшадан 130 млн теңгені қысқартамыз. Қалған ақша 1-1, 5 млрд теңге шамасында, содан 130 млн теңге алынып тасталады. Бұл тек осы жылы бөлінгені". Дәурен Темірбеков

Алдында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің бюджетін біртіндеп қысқартатындарын айтқан болатын.

Назарбаев Нұрсұлтан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды