7-9 наурызда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 7-9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан аумағымен батыстан шығысқа қарай Атлант циклоны жылжиды.

Синоптиктердің болжауынша, қар мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын, бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады.

"Бүкіл кезең бойы шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашын тоқтайды. "."Қазгидромет" РМК

Республика бойынша тұман күтіледі.

Апта аяғында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температуралық фон 7-17 аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-12 жылыға дейін төмендеуі болжанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды