Оқу-ағарту министрі мектептер электрон оқулықтармен қашан толық қамтылатынын айтты

Сурет: unsplash
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазір оқулықтардың 79%-ы цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте электрон оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар атсалысқан.

"Пәндерді электрондық оқулықтармен 100% қамту 2024 жылға жоспарланған. Педагогтер үшін электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды. Қазір 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды", - деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің сөзінше, 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылған. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды