Мысыр әуе компаниясы Қазақстанға қатынайтын рейстерді іске қосады

Сурет: pixabay
13 наурыздан бастап Мысырдың "Air Cairo" әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп "Air Cairo" египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.

Осылайша, "Air Cairo" әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі және сенбі) А-320 типті әуе кемелері арқылы тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды