Петропавл қаласында мектепке балтамен келген баланы ұстап, қауіптің бетін қайтарған екі оқушы марапатталды

Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде №4 қалалық орта мектептің жоғары сынып оқушылары Нұрислам Сандыбай мен Алдиар Нұртаев қауіпті жағдайда батылдық танытқаны үшін марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 ақпан күні таңертең Петропавл мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке пышақ пен балта алып келіп, үш оқушыны жарақаттады.Зардап шеккен балалар ауруханаға жатқызылды.

Полиция мен дәрігерлер келгенге дейін шабуылдаушы жасөспірімді жоғары сыныптың екі оқушысы Нұрислам мен Алдиар ұстап алып, қауіпті жағдайдың алдын алды

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, ересек адамның өзі қауіпті жағдайда қажет шараларды жедел қабылдай алмайтынын, алайда Нұрислам мен Алдиар бірнеше секунд ішінде жағдайды бағдарлап, өзін және басқа балаларды қауіп-қатерден қорғаg қалды. Қос батырдың анасына да алғыс хат табыс етілді.

Қазір осы қылмыс фактісі бойынша тергеушілер істің барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.


Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды