"Құда түсіп, алып кеткен". Жас қыздың туыстарынан ақша бопсалаған шетелдік ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті қолға түсірді. Оның бірі 21 жастағы қызды үйінен құда түсіп, алып кетіп, артынан туыстарынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп6 2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында кең ауқымды “Іздестіру” операциясын өткізді. Криминалдық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша бірқатар арнайы операциялар жүргізді. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылды.

Мысалы, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Самарқанд қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген.


"Сонымен қатар мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы өзбекстандық бикеш анықталды. Ол құда түсіп 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен. Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға УҰИ-ға қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды