Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 наурыз күні сағат 11:00-ден бастап республикалық маңызы бар барлық жолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды алыс қашыққа сапарға шықпауды және 112 қызметі жіберетін SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Ведомство ұзақ сапарға шығарда ауа райы болжамымен танысуды ескертті. Төтенше жағдайларда көмектесетін барлық қажет затты өзіңізбен бірге алып жүру керек екенін де қоса кетті.

18 наурыз күні сағат 22:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына, жауын-шашынға, қарлы боранға, көріну мүмкіндігінің шектелуіне байланысты Ақсай-Чунджа-Көлжат автожолының (46-153 шақырым) бөлігінде көлік қозғалысы жабылған еді.


Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды