Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы: Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарына дауыс беру шарасы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана уақытымен сағат 20:10-дағы жағдай бойынша еліміздің 15 өңірінде, ал дәл қазіргі уақытта қалған Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дауыс беру аяқталды. Осылайша, еліміздің барлық өңіріндегі 10 146 сайлау учаскесі өз жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санауға кіріседі. 

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанда 19 наурызда сағат 7:00-де басталды. Еліміз бойынша барлығы 10 146 учаске жұмыс істеді.

ҚР ОСК деректері бойынша, 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды