Санкцияларды айналып өтуге жол бермейтін жүйе: Кремль Қазақстан қабылдаған шараға қатысты пікір білдірді

Сурет: kremlin.ru
РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстанның санкцияларды айналып өтуге қарсы күрес жүйесін енгізуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 сәуірден бастап Қазақстанның кеден қызметі Ресейге реэкспорттау үшін еліміз арқылы өтетін тауарларды қадағалай бастайды. Бұл туралы жоғары лауазымды қазақстандық шенеунікке сілтеме жасап, британдық Financial Times жазады.

Песковтың айтуынша, "Ресей санкцияларға қосылмаған елдерге ұжымдық Батыстың жасайтын өрескел қысымынан хабардар", - деп хабарлайды РБК.

"Бұл туралы сол мемлекеттердің өздері бізге айтуда. Өкінішке қарай, олар мұндаймен бетпе-бет келуге мәжбүр. Бұл жайт, әрине, біздің тарапымыздан да, сол секілді сол мемлекеттердің тарапынан да ерекше назар аударуды талап етеді. Біз тәуекелдерді азайту үшін серіктестерімізбен тығыз байланыста боламыз". РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Песков Қазақстанның тауарларды жеткізу тізбегін бақылайтын және Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге жол бермейтін мониторинг жүйесін енгізуі Мәскеу мен Астананың екіжақты қарым-қатынастарына еш әсер етпейді және қос ел тәуекелдерді азайту үшін арадағы байланыстарды жандандыра түседі деп сендіреді. 

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды