Ресеймен шекаралас аумақтағы Қиғаш өзенінің жағасындағы қамысты алқап өртенді

Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Атырау облысында Ресеймен шекаралас аумақтағы Қиғаш өзенінің жағасындағы қамыстар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 наурызда сағат 16:55-те төтеншеліктердің шұғыл байланыс желісіне Бірлік ауылынан 20 шақырым қашықтықтағы Қиғаш өзенінің жағалауында қамыс өртеніп жатқаны туралы хабар келіп келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келіп жеткенде "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ аумағында қамыстардың отқа оранғанын анықтады. Қамысты алқаптың 30 гектарын қызыл жалын шарпығаны анықталды. ТЖД қызметкерлері және "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ күштерімен 21 гектар көлемдегі қамыс өрті сөндірілді, ал қалған 9 гектар алқаптағы өрт өздігінен өшкен.

"Өрт 21:30 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 11 қызметкер, 1 техника, 1 дана мотопомпа, "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ-дан 20 адам, 4 қайық , 4 дана мотопомпа жұмылдырылды". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды