Павлодарлық кәсіпкер АИ-95-тің ірі партиясын заңсыз Тәжікстанға асырмақ болған

Сурет: pixabay
Заң бойынша мұнай өнімдерін құжатсыз Қазақстаннан тыс алып шығу қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Алайда, Павлодар көлік прокуратурасы атап өткендей, бұл табысын заңсыз арттырғысы келетін кәсіпкерлерге тосқауыл бола алмауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания директоры Павлодардан Тәжікстанға жана-жағармайды басқа өнім түрі секілді тасымалдауды жоспарлаған болып шықты.

Қаржылық мониторингі агенттігінің қызметкерлері кәсіпкердің заңсыз әрекеттерінің алдын алды. 

Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде айыпты өз ісіне өкініп, көлік прокурорымен кінәні толық мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасады.

Павлодар қаласының №2 сотының 10.10.2022 жылғы үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Мемлекетке  заңсыз сатылған бензиннің 54 млн теңгесі және контрабанда заты – 89 млн теңгенің АИ-95 маркалы жанар-жағармайы қайтарылды. 

Ақпан айында Қазақстан көліктің барлық түрлерімен бензин мен дизель отынын сыртқа тасымалдауға тыйым салды.


Павлодар
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды