Мәжіліс депутаттары палатаның жаңа төрағасын сайлау процесіне көшті

Сурет: Zakon.kz
Мәжілісмендер палатаның жаңа төрағасын сайлау процесіне көшті. Мәжіліс спикері жасырын дауыс беру арқылы сайланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс спикерлігіне Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды. Қошановтың кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхаметов ұсынды. Мәжіліс спикері жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Ол үшін депутаттар арасынан Есеп комиссиясы құрылды. Есеп комиссиясы дауыс беру барысын және дауыстарды санауды қадағалайды. Спикерді сайлауға 90 депутат қатысады, қарсылар жоқ.

Мәжіліс спикері жасырын дауыс беру арқылы сайлау үшін мәжілісте 20 минут уақыт берілді.





Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды