Павлодарда түрмедегі төрт адам ауруханаға пышақ жарақатымен түсті

Сурет: Zakon.kz
Павлодардағы түзеу мекелерінің бірінің төрт сотталушысы пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оқыс оқиғаның қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде орын алғанын растады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Сотталғандардың бірі тыйым салынған заттарының тәркіленгені үшін өзіне жарақат салды. Жедел жәрдем шақырылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Солтүстік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы да оқиға орнына шақырылды. Аталған факт деректерді есепке алу кітабына тіркелді", - деп хабарлады ведомстводан.

ҚАЖД-дағылар сотталған адамның №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін нақтылады. Оны хирург дәрігер тексерген. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан, ол колонияға қайтарылды.

Сонымен қатар, облыстық жедел жәрдем станциясында Павлодардың №1 қалалық ауруханасына барлығы төрт сотталушы жеткізілгені атап өтті: екеуі - 1991 жылғы, біреуі 1978 жылғы және тағы біреуі 1987 жылғы. Олардың қарнында кесік түрінде жаралар болған. Қойылған диагноз осындай. 
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды