Екібастұзда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Сурет: polisia.kz
2 сәуір сағат 17.20 шамасында Екібастұз қаласындағы "Союз" саяжай қоғамының жанындағы теміржол көпірінің астындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдан адам денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәйіттің 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. 

"Оқиға орнынан жоғалған адамның атына смарт-сағат пен Kaspi Gold магниттік карточкасы тәркіленді. Мәйітті әкесі таныды". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Полицияның мәліметінше, табылған мәйітте зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер жоқ.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процесстік шешім қабылданатын болады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды