"Перроннан үйге дейін". ҚТЖ жаңа қызмет түрін іске қосты

Сурет: rail-news.kz
"Жолаушылар тасымалы" АҚ "UvU" international LTD" компаниясымен бірлесіп Астана қаласы бойынша Нұрлы жол теміржол вокзалының перронынан үйге (межелі пунктке дейін) жайлы шағын автобуспен трансфер қызметін іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Пойыз + автобус" жобасы интермодальды тасымалдауды (жолаушыларды көліктің бірнеше түрімен тасымалдау) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырылуда.  Қазіргі уақытта қызметті 3/4 "Алматы-Астана" жолаушылар пойызының жолаушылары пайдалана алады. Ол үшін жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. 

Сондай-ақ, жолаушылар https://uvu.kz/ktz. веб-сайты арқылы вокзалдан үйге трансферді өз бетінше сатып ала алады. Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешенінің пандусында күтіп тұратын болады. 

Аралас тасымалдар жолаушыларға нұсқаларды іздеуге және көліктің әр түрлері арасында ыңғайлы түйісулерді таңдауға уақытты едәуір қысқартады, сондай-ақ Қазақстан қалалары бойынша саяхаттау үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды