Германия алты жыл бойы адам өлтіргені үшін жасырынып келген Қазақстан азаматын берді

Сурет: Zakon.kz
Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің нақтылауынша, Германия үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша ҚР Бас прокуратурасының адам өлтірді деп күдікке ілінген азаматты ұстап беру туралы сұрауын қанағаттандырды.

Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағындажасалған.

"Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған. Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

26 мамыр күні Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

"Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі


Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды