Қазақстанда интернетте жалған ақпарат таратқандар әкімшілік жазаға тартылатын болды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенат бұл заңды 2023 жылдың 21 маусымда талқылап, қол қою үшін Президентке жолдаған болатын.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру, әкімшілік жауапкершілікті енгізумен қатар байланыс және интернет қызметі саласында тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте, егер қоғамдық тәртіпті, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу үшін жағдай туғызушы онлайн-платформалардың пайдаланушылары мен ықпал етушілері/инфлюенсері жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік алады деген бап пайда болды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты