Алматының индустралды аймағына 16 млрд теңге инвестиция тартылды

Жол картасы аясында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында, Алматы қаласының индустралды аймағына 16 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру барысында индустралды аймақта жалпы соммасы 16,1 млрд теңге болатын төрт жоба жүзеге асырылды. Және қосымша 370 жұмыс орны құрылды. Мәселен, инвестордың өтініші бойынша, автоклавті газобетонын өндіретін «СК Рахат» зауыты жобасына өзгерістер енгізілді. Кәсіпорын өндіретін өнім қатарын кеңейтіп, енді газоблокпен қатар Color Mix тас төсеуіштерін, тратуар плиткалары, қаптама кірпіштері мен сәндік блоктар, қабырға панельдері мен блоктарын дайындайды.

Сондай-ақ, биыл жалпы соммасы 13,8 млрд теңге болатын 245 еңбек орнына шақталған (КМК Investment – екінші кезеңі, «СК Рахат», «Г.С.Г. Высотник»), үш жоба іске қосылды. Және 1,5 мың шаршы метрлік өндірісті құрайтын (ADS Industries) өндірістік паркі құрылды. Жаңа жобаларды есептегенде индустралды аймақ қатысушыларының қатарында 62 компания бар. Олардың ұсынып отырған жобаларының жалпы соммасы 241 млрд теңге. Ал, қосымша жұмыс орнының көрсеткіші 7 мың.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы Алматының индустралды аймағының кәсіпорындары 4,2 млр теңгенің салығын қазынаға құйған.

Алматының индустриалды аймағында даму үрдісі байқалады. Әсіресе отандық компаниялар мен құрылыс саласында, IT-технологиялар және тамақ өнідірісінде жұмыс қызу. Алайда мұнда қызу жұмыс әркезде болған жоқ. Жетістіктің кілті деп қала басшылығы мен мәсихат депутаттарының қатысуымен толықтай әкімшілік кедергілерді жою мен кәсіпорын ашу жеңілдетілгенін атауға болады. Біз жүйелі түрде бизнес өкілдерімен кездесіп отырамыз және кәсіпкердің мұқтаждығына орай қалалық бағдарламаларды түзетуге көмектесеміз. Бюджет есебінен индустралды аймақта барлық қажетті инфрақұрылымым – тас жол, темір жол және инженерлік желілер жүргізілді. Сонымен қатар, «кумулятивті әсер» – салдарынан ірі кәсіпорын өздерімен бірге шағын инвесторларды ерте келді. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров.

Алматы қаласы мәслихатының хатшысы ұзақ мерзімді инвестиция туралы шешімдер әлдеқайда тартымды екенін айтты.

Мәслихат бизнеспен тікелей байланыста. Сол себепті қаладағы кез келген инвестор өзінің инвестициялары мен жобаларды жүзеге асыру мерзімін нақты жоспарлай алады. Қалада болсын индустралды аймақта болсын, «ең бастысы инвестициялық үрдісті мәслихат депутаттарының көмегімен жүргізіп, инвестициялық үрдістің ашықтығын қамтамасыз ету. Инвестор үшін салықтық жеңілдіктерден гөрі, ұзақ мерзімді инвестиция туралы шешімдер әлдеқайда тартымды», - деді Алматы қаласы мәслихатының хатшысы.
Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: