Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті

Электросамокат, жасөспірімдер, Атакент, Алматы, полиция, рейд, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2026 15:54 Сурет: Zakon.kz
Тұрғындардың шағымынан кейін полицейлер Атакент аумағында электрсамокат пен басқа да электр көліктеріне мінген жасөспірімдерге қатысты рейд өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала полиция департаментінің мәліметінше, кейбір самокат тебушілер сағатына 80 шақырымнан асатын жылдамдықпен жүйіткіген.

Рейд кезінде полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, жүрісін жалғастырғандар да болған. Тексеру барысында 12 жастағы жасөспірім анықталды. Онымен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылап, мұндай қауіпті әрекеттерге жол бермеуді ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: