«Жайлау» және «Ақбұлақ» мөлтек аудандарында орналасқан шағын дүкендерге бас сұққан аймақ басшысы нан, сүт, күріш, қарақұмық, сәбіз, картоп, пияз және тағы басқа тауарлардың қаншадан жеткізілетінін, тұтынушыларға қаншадан сатылатынын сұрады.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азық-түлік тауарларының бағасын реттеу, тұрақтандыру – біздің басты міндетіміз. Қала халқының басым бөлігі көпқабатты тұрғын үйлерде тұрады. Олар күнделікті қажеттіліктерін үй іргесіндегі осындай шағын дүкендерден сатып алады. Бағаға деген көзқарасы осындай сауда нүктелеріне байланысты қалыптасады. Бізге ірі сауда орындарынан бөлек, осындай шағын дүкендерді жіті назар алып, жиі тексеру жүргізіп отыру аса қажет. Әсіресе жеткізушілермен жұмыс жүргізу керек. Олар дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді қандай бағада жеткізіп отырғанын зерделеу қажет, нақты бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдауға тиіспіз. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев
Аймақ басшысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев пен Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа тиісті міндеттер жүктеп, жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі