Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ардагерлерге қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі

Сурет: Zakon.kz
«2022 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты шешімі жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz
Осы шешімнің жобасы «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді. Биыл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда, делінген құжатта.

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 67 айлық есептік көрсеткіш (205 221 теңге) мөлшерінде көрсетіледі.

Сондай-ақ биылғы жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда.

Осылайша, 18 адамға 1 005 221 (миллион бес мың екі жүз жиырма бір) теңге төленеді. Бюджеттің қосымша шығындары 14,4 (он төрт миллион төрт жүз мың) теңгені құрайды.Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты

Аталған жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылған талаптарға жауап береді.

Ашық НҚА
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті