Нұр-Сұлтанда Ақмешіт көшесіндегі жол учаскесі 31 тамызға дейін жабық болады

Сурет: Zakon.kz
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 28-31 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ақмешіт көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады