Шалатай Мырзахметов: Жолдау болашақ ұрпақтың әлеуметтік, демографиялық мәселесін шешеді

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Шалатай Мырзахметов 2022 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауында бұрын-соңды қабылданбаған тың шешімге ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мырзахметов ел Президентінің Жолдауы жан-жақты, барлық саланы қамтитынына баса назар аударады.

Бүгін маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер шын мәнінде Әділетті мемлекеттің символына айналғанының куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы «Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы» деп нақты атап өткеніндей бұдан былай Қазақстанның әрбір азаматына ұлттық байлықтың игілігін көруге мүмкіндік жасалады. Бұл – бұрын-соңды қабылданбаған тың шешім болып тұр. Мұндай тәжірибе БАӘ-де кеңінен қолданылып келеді. Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Шалатай Мырзахметов

Сондай-ақ ол биылғы "Балалар жылы" аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет ететінін жеткізді.

Енді 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының тең жартысы балалардың есепшотына аударылады. Әр бала кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспаналы болуына немесе білім алуға жұмсалады. Бұл өз кезегінде болашақта қазақстандықтардың тұрғын үй мен әлеуметтік мәселесін шешуге жағдай жасап қана қоймай, демографияның өсуіне оң ықпал етеді, - дейді Шалатай Мырзахметов.
Шымкент Президент Жолдауы – 2022
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: