Ақтөбе облысында Елек өзені үстінен өтетін көпір 24 қыркүйекте ашылады

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
23 қыркүйекте көпірдегі жөндеу жұмысының барысын облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өзі барып көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 22 қыркүйекте халықтың ескертуіне байланысты Елек өзені үстінен өтетін көпір уақытша жөндеуге жабылды. Көліктер Сүт зауыты шағын ауданындағы айналма жол арқылы жүріп жатқан болатын.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы бұл мәселені ерекше өз бақылауына алған.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екі күн бойы мердігер компания тәулік бойына үзіліссіз жұмыс істеді. Мұнда арнайы техника мен қажетті көлемде жол жөндеуші жұмысшылар тартылды.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жөндеу жұмысымен танысқан облыс әкімі мердігерге таңға дейін көпір үстін толық тазалап, жол үсті сызбаларын жасап, 24 қыркүйекте таңертең оны ашуды тапсырды.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімдігі бұл ағымдағы жөндеу болғандықтан көпір үстіндегі шұңқырлар бітелгенін, күзгі құбылмалы ауа райына байланысты жолды толығымен күрделі жөндеу мүмкін еместігін жеткізді. Өйткені жүк көліктері көп қатынайтын маңызы бар жол болғандықтан, көпірді ұзақ уақытқа жабу жол қозғалысына кері әсерін тигізеді.

2023 жылы аталмыш жол толығымен мердігер ұйыммен кепілдік міндеттемелер шеңберінде күрделі жөндеуден өтеді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Ресеймен шекарада QR-кодты көрсету міндеттелгені ескертілді

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер

Петропавлда қыз баланың аяғы жылу батареясының қуысына қысылып қалған – видео