Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Ресеймен шекарада QR-кодты көрсету міндеттелгені ескертілді

Жүк көлігі, қазақстандық жүк тасымалдаушылар, Ресей, шекара, QR-код, тауар , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 10:50 Сурет: freepik
Көлікпен жүк тасымалдау алдында оны алушыға Ресей Федерациясымен арадағы шекарада көрсету үшін тауардың алдағы жеткізілімі туралы құжатты алдын ала рәсімдеп, QR код алу қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі.

"Тауарларды автомобиль көлігімен әкелу кезінде алушыға Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-кодын алу қажет. QR-коды жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс. Расталған QR кодының болмауы Ресей Федерациясына кіруге тиім салу және көлік құралын қайтаруды көздейді", делінген хабарламада.

Осыған байланысты, келесі шаралар ұсынылады:

  • ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодтың болуын ресейлік алушыдан алдын ала нақтылау;
  • өткізу пунктіне келгенге дейін QR-кодын тексеру;басып шығарылған немесе электронды түрде QR-коды болуы керек;
  • QR-кодтағы мәліметтерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстырып тексеру;
  • құжаттарды дұрыс ресімдемеген кезде шекарадан өту уақытының ұлғаюын ескеру қажет.

МКК тасымалдауды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді және ресейлік тауар алушылармен алдын-ала өзара әрекеттесуді сұрайды.

Бұған дейін Павлодарда жүк көлігімен адамдарды заңсыз тасымалдамақ болған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: