Ресеймен арадағы шекарада ұшу аппараттары партиясының анықталуы: Қазақстан мәлімдеме жасады

Ұшқышсыз ұшу аппараты, Ресей, шекара, Қазақстан, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 17:51 Сурет: gov.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) 24 қыркүйекте Ресеймен арадағы шекарада ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) партиясын анықтап, тәркілеуге қатысты БАҚ-тарда пайда болған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 22 қыркүйекте бірқатар ресейлік БАҚ-та ресейлік кеден органдарының Қазақстан Республикасынан әкелу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) ұстағаны туралы ақпарат жарияланды. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл дерек шындыққа жанаспайды және оқиғаның нақты мән-жайы көрсетілмеген.

"Іс жүзінде аталған ҰҰА 2025 жылғы 13 маусымда "Жайсан" автомобиль өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері тарапынан Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарсыз әкелуге әрекет жасау кезінде ұсталған болатын. Белгіленген тәртіпке сәйкес жүк экспорттық бақылау шараларын қолдану үшін Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне берілді. Уәкілетті органға жолданған сұрау салу нәтижелері бойынша ҰҰА әкелудің рұқсат беру тәртібіне жататын арнайы тауарларға жататыны расталды. Осыған байланысты материалдар сотқа жолданып, сот жүк иесін ҚР ӘҚБтК-ге сәйкес кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды", делінген ведомство хабарламасында.

Ұшқышсыз ұшу аппараты, Ресей, шекара, Қазақстан, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 17:51

Сурет: gov.kz

Барлық көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін жүк жөнелтілетін елге кері әкету міндеттемесімен иесіне қайтарылды. 2025 жылғы 15 қыркүйекте аталған тауар Ресей Федерациясына шығарылып, бұл туралы қолданыстағы екіжақты тәртіпке сәйкес іргелес тарап тиісті түрде хабардар етілді.

"Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада көзделген экспорттық бақылау рәсімдерін толық көлемде іске асырды", деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Ұшқышсыз ұшу аппараты, Ресей, шекара, Қазақстан, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 17:51

Сурет: gov.kz

2025 жылы көктемде және жазда Маңғыстау мен БҚО-да құлаған ұшу аппараттарының сынықтары табылғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: