Мемлекеттік кірістер комитеті желідегі сыбысқа байланысты мәлімдеме жасады

Ақылы қызмет, Мемлекеттік кірістер комитеті, желі, сыбыс, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 22:08 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде тараған ақылы қызметтер туралы ақпаратқа байланысты салық төлеушілерге жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы комитет мәліметінше, мессенджерлерде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жұмыс істеуге байланысты мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсетіледі деген жалған ақпарат тараған.

"ЭШФ АЖ-нің ресми техникалық қолдауы тек ақысыз негізде көрсетілетінін хабарлаймыз. Ықтимал алаяқтық жүйенің алдын алу, сондай-ақ салық төлеушілердің есептік жазбаларына заңсыз қол жеткізуге жол бермеу мақсатында, комитет ЭШФ АЖ-сі бойынша тек мемлекеттік кірістер органдарының ресми интернет-порталында орналастырылған ресми қолдау арналарына жүгінуді қатаң түрде ұсынады", - дейді ведомстводан.

ЭШФ АЖ қолдау қызметінің ресми байланыс деректері:

  • Электрондық пошта: esfsd@kgd.minfin.gov.kz
  • Телефон: +7 (7172) 72-51-61

Бұған дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістердің ақпарат жүйелерін 14-тен 5-ке дейін қысқартып, ауқымды оңтайландыру процесін жүргізгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: