Ресеймен арадағы шекарада өткізу бекеттерінің бірінде шектеу шаралары енгізіледі

Өткізу бекеті, Ресей, шекара, Тасқала, шектеу шаралары, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2024 19:22 Сурет: Zakon.kz
Ресей Федерациясымен шекарадағы жолды жөндеу жұмыстарына байланысты "Тасқала" өткізу пунктінде шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 7 қазанынан бастап Қазақстанмен іргелес Саратов облысындағы "Озинки" автомобиль өткізу бекетінде – Тасқала өткізу пунктінде жүк тасымалы жолағындағы жол төсеміне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлайды. Осыған байланысты өткізу пунктінде шектеулер болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының болжамды мерзімі - 2024 жылдың 31 қазанына дейін", делінген аталған комитеттің Telegram арнасында.

ҚР ҚМ МКК "Тасқала" автомобиль өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесін кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы "Жайсан" өткізу пунктінің алдында Ресей Федерациясы бағытынан ағылған жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болғаны туралы БАҚ-тарда ақпарат жарияланды. Көп ұзамай Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме беріп, өткізу пунктінің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: