Алматыдағы Рысқұлов даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 17:05 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан бастап, Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс жабылады.

Көлікпен даңғылдың солтүстік жағымен жүруге болады, мұнда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Батыс және шығыс бағыттағы жолақ санын патрульдік полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайға байланысты реттейді. 

Учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді. Реверсивті қозғалыс басталар алдында шығыс және батыс жақта көлік ортасын бөлетін темір қоршау орнатылады.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

12 тамыз сағат 8:00-де Рысқұлов даңғылынан Күдерин көшесіне және Солтүстік айналма көшесінен шығыс бағытқа бұрылатын жолдар ашылады. 12 тамыз сағат 12:00-де Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына шығыс бағытқа бұрылатын жол ашылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: