Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығында қозғалыс бір тәулікке шектеледі

Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығында қозғалыс бір тәулікке шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 15:43 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

31 шілде сағат 23:00-ден 1 тамыз сағат 23:00-ге дейін шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан Бөкейханов көшесіне дейінгі бұрылыста, сондай-ақ Бөкейханов көшесіндегі оңтүстік бағыттан шығыс бағытқа қарай бұрылыс пен Рысқұлов даңғылына шығар жол толығымен жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: