Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына бұрылатын жол жөндеуге жабылады

Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 16:41 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

2 тамыз сағат 23.00-ден 4 тамыз сағат 11.00-ге дейін жолайырықтың солтүстік-батысқа бұрылатын жолда қозғалыс толығымен жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: