Алматыдағы Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Алматыдағы Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 17:19 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"6 тамыз сағат 23:00-ден 8 тамыз сағат 11:00-ге дейін көпірде қозғалыс батыс бағытта, сондай-ақ Кудерин көшесінен қосылатын жол толығымен жабылады".  Алматы әкімдігі

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. 

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: