Алматыда жөндеуге байланысты Рысқұлов-Бөкейханов жолайрығындағы көпір біраз уақытқа жабылады
Фото: Zakon.kz
Рысқұлов-Бөкейханов жолайрығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мәселен, 4 тамызда сағат 23:00-ден 6 тамызда сағат 11:00-ге дейін оңтүстік және солтүстік бағыттағы көпірде қозғалыс толығымен жабылады, сондай-ақ Бөкейханов көшесі бойындағы жолайрығының көпірге кірме жолының барлығы жабылады",- делінген ведомство хабарламасында.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.
"Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде орналасқан". "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Бұған дейін Алматыдағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты бір айдан астам уақытқа жабылатындығы хабарланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
